13 мамыр күні қаламызда 2005–2008 және 2012–2014 жылдары туған жастар мен жасөспірімдер арасында асық ату және бес асықтан облыстық чемпионат өткізілді. Жас спортшылар өз шеберліктерін, ептіліктері мен табандылықтарын жоғары деңгейде көрсетті. Іс-шара барысында қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы жастарға сәттілік пен әділ жарыс тіледі. Асық ату мен бес асық — халқымыздың рухани мұрасы, ұлттық құндылықтардың айқын көрінісі. Барша қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/996057?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау