Аудан әкімі 105 жасқа келген тыл ардагерін құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байғанин ауданы Оймауыт ауылында тұрғыны Құдайқұлова Тұраш биыл 105 жасқа толып отыр. Ғасырдан артық жасы бар кейуананы аудан әкімі Айбек Көпенов арнайы барып құттықтап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына сәйкес «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстады. Тұраш Құдайқұлова 1920 жылдың қаңтарында Шұбарқұдықта ауқатты отбасында дүниеге келген. Қуғын-сүргін жылдары осы әулет атақонысты тастап, Қарақалпақстанға көшіп кетеді. Тұраш әже сол жақта жеті кластық білім алған.1944 жылы Доңызтау өңірінің азаматы Құдайқұлов Жантаймен отбасын құрып, олар 1947 жылы Байғанин ауданына көшіп келеді. Ол жастайынан колхоз жұмысына белсене араласып, «Жамбыл» атындағы колхозда сауыншы болып, кейін «Оймауыт» совхозы құрылғанда қара жұмысқа араласқан. Жантай ақсақал екеуі 8 бала тәрбиелеп өсірген, «Алтын алқа» медалінің иесі.
Бүгінде Тұраш әженің 33 немересі, 64 шөбересі, 12 шөпшегі бар.
Аудан әкімі әженің қал-жағдайын біліп, ғибратты әңгімесін тыңдады. Қарияның өмір жолы жастарға өнеге екенін тілге тиек етіп, мықты денсаулық тілеп, сыйлығын табыс етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/996369?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version