Жаз – бұл тек мектептен демалу уақыты ғана емес, сонымен қатар баланың дамуына, денсаулығын нығайтуға және өз бетінше әрекет ету қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік. Мұны ұйымдастырудың ең тиімді жолдарының бірі – жазғы сауықтыру лагері. Қазіргі заманғы лагерьлер – бұл жай ғана демалыс емес, бұл – қарым -қатынас пен жеке даму әлемі.
Жазғы лагерьлер белсенді өмір салтын ұстануға ықпал етеді. Ашық ауада серуендеу, спорттық ойындар мен қозғалмалы іс-шаралар иммунитетті нығайтады, төзімділікті, үйлесімділікті дамытады және баланың толыққанды физикалық дамуына ықпал етеді. Бұл әсіресе бүгінде өте маңызды, өйткені көптеген балалар бос уақытын экран алдында — гаджеттермен, компьютермен немесе теледидар алдында отырып өткізеді.
Лагерьде болу балаңызды өз бетінше әрекет етуге үйретеді: күн тәртібін сақтау, шешім қабылдау, ұсақ қиындықтарды ата-ананың көмегінсіз еңсере білу. Лагерьде олар өз таланттарын ашуға, жаңа нәрсені байқап көруге көбірек мүмкіндік алады.
Лагерь балаңызға айналасындағылармен тиімді қарым -қатынас орнату мен командада жұмыс істеудің құнды тәжірибесін береді.
Жазғы лагерьлер – бұл көптеген жағымды эмоциялар, жаңа әсерлер мен ортаның ауысуы. Мұның бәрі оқу жылында жиналған күйзелісті азайтуға көмектеседі. Ойындар, шығармашылық, достық пен қатарластардың қолдауы балаларды өз-өзіне сенімді және бақытты етеді. Баланы жазғы лагерьге жіберу арқылы сіз оған жай ғана демалыс емес, өсуге, дамуға, қарым-қатынас жасауға және дүниені тануға мүмкіндік бересіз. Балаңыздың жазын жарқын, пайдалы және ұмытылмас ету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Жазғы сауықтыру лагерін таңдағанда ата-аналарға арналған бірнеше кеңес.
Таңдау кезінде келесі жайттарға назар аударыңыз:
санитариялық – эпидемиологиялық қорытындының болуы;
тәрбиешілердің тәжірибесі мен біліктілігі;
тұру және тамақтану жағдайлары;
ауысым бағдарламасы (қызықты әрі жас ерекшелігіне сай болуы тиіс);
басқа ата-аналардың пікірлері.
Жазғы сауықтыру лагерьлері туралы ақпаратты Батыс Қазақстан облысы санитариялы- эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтынан алуға болады. Лагерьлердің жұмысы туралы мәліметтер олар ашылған сайын жаңартылып отырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/996078?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау