Ағымдағы жылдың 12 және 13 мамырынды «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Май жалпы білім беретін мектебі» КММ және «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Красносельск жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бақылау іс-шаралар аясында Департамент маманы мектеп басшылығымен және ұстаздарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департамент маманы білім саласындағы мемлекеттік бақылау шаралары, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының орындалуы, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы, инклюзивті білім беру талаптарының орындалуы мәселелері бойынша түсіндірмелер берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/995961?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау