Бүгін Қарабалық аудандық мәслихатының кезекті Х сессиясы өтті. Сессияда аудан, ауылдық округтер, ауылдар және Қарабалық кентінің 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есептер қаралды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қарабалық аудандық мәслихатының кезекті Х сессиясы өтті. Сессияда аудан, ауылдық округтер, ауылдар және Қарабалық кентінің 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есептер қаралды.

 Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Т.Е. Ахметов баяндама жасады.

Депутаттар кіріс бойынша аудан бюджеті 2024 жылы 100,6% – ға атқарылғанын атап өтті. Жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына қол жеткізілді. Ауданда халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған инвестициялық жобалар іске асырылғанын, бюджеттің барлық шығыс параметрлері бойынша әлеуметтік кепілдіктер сақталғанын, инвестициялық жобаларды кейіннен іске асыру үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленгенін ерекше атап өтті.

Ауылдық округтердің, ауылдар мен Қарабалық кентінің бюджеті 102,4% – ға орындалды. Халықтың экономикалық тұрақтылығы мен әлеуметтік әл-ауқатына ерекше назар аударылады. Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілді.

Сессияда жергілікті атқарушы органның есебіне бюджет, экономика және басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Т.А. Леванова қорытынды жасап, тұрақты комиссиялардың отырыстарында ауданның, ауылдық округтердің, ауылдар мен Қарабалық кентінің бюджеттері өткен жылмен салыстырғанда алдын ала қаралып, талданғанын атап өтті.

Депутаттар тексеру комиссиясының мүшесі А.Ж. Испудиновтың қорытындысын қолдады. Есепте жергілікті бюджеттің атқарылуына талдау жүргізілді, кірістер түсімдері, салықтық және салықтық емес түсімдер, шығындардың орындалуы, бюджеттік кредиттердің орындалуы мен өтелуі бойынша талдамалық деректер көрсетілді, аудандық бюджеттің және басқа да бағдарламалық құжаттардың атқарылуына баға берілді және т. б.

Сондай-ақ, депутаттар «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы С.И. Коваленконы «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «ММ-нің 2024 жылғы мүгедектігі бар адамдармен жұмысы және 2025 жылға арналған жоспарлары туралы» тыңдады.

Тиісті шешімдер қабылданды.

https://youtu.be/SibKt0Dq6Eo?si=p6s2rRbmwB92B0ij

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/996674?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version