️ ️⚜️Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаев,
волейболдан 2008-2009 ж.ж қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының VI Жастар ойындарының жеңімпазы, Облыс құрама командасының мүшесі,
4 дүркін Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Құрманғазина Дана Райымбекқызын қабылдады.
🔹️Аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы жас чемпион, волейбол ойынынан қыздар арасында спорт шебері атанған жеңісімен құттықтады. Сонымен қатар аудан басшысы алдағы уақытта да, спорттағы жетістігі көп болсын- деп сәттілік тілеп, алғыс жариялап, естелік медаль мен сыйлық табыс етті. Бұл- оның қажырлы еңбегі мен лайықты жемісі.
🔸️Ал өз кезегінде сөз алған Дана Райымбекқызы, спортты өмірінің серігі етіп, ауданымызға әлі талай жеңіс әкелетініне уәде берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/996945?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау