Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан әкімі Айбек Көпенов бүгін Миялы ауылдық округінде болып, тыл ардагері Қалышева Жайлыға “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерекелік медалін табыстады.
Дияр ауылының тұрғыны Қалышева Жайлы 1935 жылы 1 қаңтарда кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1943 жылы Доңызтау елінің Ақтұмсық мектебіне қабылданып, 1953 жылы 10 класты бітіріп, Ақтөбе оқытушылар дайындайтын институтқа түскен. Алғашқы еңбек жолын 1955 жылы Қаражар мектебіне матиматика пәні мұғалімі болып бастаған. Бүгінгі күні 91 жасқа келген тыл ардагері Жайлы әжей 3 қыз 1 ұлдан тараған немере-жиендердің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.
Жастайынан еңбекке ерте араласқан тыл ардагері Қазақстан Республикасы Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, бейбіт күннің құндылығын айтып, батасын берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/996373?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау