🗓 Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Қаратал ауданында этносаралық қатынастар саласындағы іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға арналған оқу-жаттығу семинары өтті. Іс-шараның мақсаты — мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
👤 Семинарға Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Асқар Ахметқалиұлы төрағалық етті. Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қайратханұлы арнайы қатысып, этносаралық қатынастар саласындағы іс-қимыл алгоритмдер кешенінің қолдану тәртібін, әр түрлі этникалық топтардың қатысуымен қақтығыстар кезіндегі нақты әрекет ету алгоритмдерімен таныстырды.
👥 Іс-шараға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі, учаскелік полиция уәкілдері, аудандық бөлім бөлімі мен менторлар, ауылдық округ әкімдері мен мамандар қатысты. Қатысушылар этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.
📌 Семинар барысында этносаралық қатынастарды реттеу, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіру және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар мен іс-қимыл алгоритмдері қарастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-aitu-bi/press/news/details/995932?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау