Тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Мұқажан М., Абай атындағы ҚазҰПУ студентеріне құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған “Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру – азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемі” атты
дәріс өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру және құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату болды.
Мұқажан М. дәріс барысында құқықтық мәдениет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын түсіндіріп, заң нормаларын білу және сақтау азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі көрсеткіші екенін атап өтті. Сондай-ақ, студенттерге құқықтық сананы дамыту жолдары, заңға құрмет көрсету және өз құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде кеңестер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/996998?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау