🔷Көкшетау қаласында Қазақстандағы Фридрих Эберт қоры ұйымдастырған «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының трансформациясы: Қазақстан мен Германия тәжірибесі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатыстым. Іс-шараға саяси партиялардың өкілдері, депутаттар, Қоғамдық кеңестің мүшелері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Кездесуде Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың негізгі мәселелері, соның ішінде жергілікті деңгейде басқаруға азаматтардың қатысуы, мәслихаттар институтының тиімділігін арттыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту арқылы өңірлердің институционалдық ортасын жақсарту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, мәслихаттар қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі депутаттардың рөлін күшейту шаралары талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sandyktau/press/news/details/995860?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау