Мемлекеттік мерекелер қарсаңында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері қарсаңында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің діни бірлестіктерінің көшбасшылары өңір тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен құттықтады.

2025 жылғы 5 мамырда Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен, «Ел ертеңі» ЖҚБ «Қостанай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орайластырылған қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен сотталғандар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, дінге сенуші сотталғандар арасында діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы.

Спорттық іс-шараның қорытындысы бойынша турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

✔Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-din/press/news/details/995938?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version