«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.

Құрметті қала тұрғындары! «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының 1-ші кезеңіне құжаттарды қабылдау басталды.

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің оң моделін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

 

Конкурсты өткізу мақсаттары:

 

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, некенің маңыздылығын мойындау;

 

2) балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;

 

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын арттыру және кеңінен насихаттау;

 

4) қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер 2025 жылғы       1 маусымнан бастап 2025 жылғы 15 маусымға дейін қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады. Толығырақ ақпарат алу үшін               +7 707 442 5817нөміріне хабарласуға болады

 

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 15 маусым.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhezkazgan/press/news/details/996594?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version