Ноғайты ауылында Жеңістің 80 жыл мерекесіне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қойылған монумент толығымен жаңартылып қайта пайдалануға берілді. Іс-шараға Байғанин ауданы әкімі Айбек Көпенов, «Ақтөбе Медиа» компаниясының директоры Раукен Отыншин, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов, денсаулык сактау
баскармасынын басшысы Ерлан Сұлтангереев, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректорының міндетін атқарушы Талғар Әбілов, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің профессоры Алтай Тайжанов, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің ішкі аурулар кафедрасының профессоры Бекболат Жолдин, облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Қожин, Қазақстанның құрметті журналисті Аманғос Орынғалиев, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының жауапты хатшысы Нұрмұханбет Дияров, Ноғайты ауылының перзенті, «Санжар» фирмасының басшысы Асхат Талдыбаев қатысты.
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында Р. Отыншин бастаған Ноғайты ауылының бір топ азаматтары 1975 жылы салынған ескерткішті толығымен жаңартып, туған жерге тарту етті. Шара барысы ескерткіш жанына ағаш отырғызып гүл шоқтарын қоюмен жалғасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/996379?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау