НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалін табыстады.
 
101 жастағы соғыс майдангерімен әңгімелесу барысында әкім бейбіт өмір үшін ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Ардагерге ұзақ ғұмыр тілеп, сый-сыяпат жасады.
 
Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері және жеңіске үлес қосқан басқа санаттардағы азаматтарға 50-100 мың теңге аралығында берілді. Жалпы Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген 3 017 адамға біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан-қала бюджеті есебінен қаржы қаралған.
 
Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысың ардагерлері мен Жеңіске қосқан елеулі үлесі бар 3008 азаматқа «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдар табысталса, 8 соғыс ардагеріне Мемлекет басшысының атынан арнайы құттықтау адресаты тапсырылып, ҰОС ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерімен жеке кездесулер өткізілетін болады.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/995676?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version