ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ ТҮРКІСТАНДА КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Түркістан қаласы, Жеңіс саябағында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен “ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС” атты көшпелі көрме жасақталды. Көрмені ардагерлер, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.
 
Көрмеде әрбір азаматтардың әскери коммиссариаттарға барып соғысқа өз еркімен аттану сәттерінің және де соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің майданға қосқан үлестері туралы фотосуреттері, құжаттары; Соғыстың алғашқы күнін, алғашқы минутын Брест қорғанында қарсы алған жаужүрек батырларымыз кеуделерін оққа төсеп, ақтық демдері қалғанша арпалысты. Басынан бақайшағына дейін мұздай қаруланған вермахт әскерлері мен олардың одақтастарына қарсы күрестің алғы шебінде жерлестеріміз – Қасым Ілиясұлы Жарменов, А.К.Леонтьев, Н.Д.Свинарчук /Брест қамалы ғимаратының көрінісі,картасы,Брест қамалын қорғаушылардың фотосуреттері, құжаттары; Кеңес Одағының Батыры, гвардия лейтенанты – Қ. Әбдалиевтың жеке заттары; фотосуреттері марапаттары, мылтығы, әскери портфелі, үтігі және т.б. көптеген соғыс жәдігерлері мен инсталляциялар көрініс тапты.
 
 Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/995696?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version