Павлодар облысы ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы 2025 жылдың басынан бастап 13 қорытынды рәсімделді, оның 5-і теріс, яғни, бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беруден бас тартқандығын білдіреді.
Айта кету керек, “Азаматтық қорғау туралы” ҚР Заңына және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Павлодар облысы ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы “Рұқсаттар және хабарламалар туралы”Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға қойылатын талаптарға рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады.
Мысалы, келіп түскен өтініш бойынша қызметкерлер мамандарды даярлау, қайта даярлау құқығына қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау үшін Екібастұз қаласында ЖШС инспекциялық тексеру жүргізді. Осы өнеркәсіптік кәсіпорынның оқу орталығы машинистерді, машинистердің көмекшілерін, стропальщиктерді және басқа мамандарды дайындайды.
Нормативтік-техникалық құжаттардың, оқу-әдістемелік материалдардың болуы, сондай-ақ оқу сыныбының, басқа оқу-зертханалық үй-жайлардың қойылатын талаптарына сәйкестігі, материалдық-техникалық жарақтандыру тексерілді, өйткені ЖШС оқытушылық қызметтің сапасына жауапты болады.
Тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/996554?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау