Өңірде ет өңдейтін ірі кешеннің іргетасы қаланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қатысуымен Жаңасемей ауданына қарасты Шақаман ауылында жаңа ет өңдеу комбинатының іргетасын қалау рәсімі өтті. Шараға облыстық мәслихаттың төрағасы Шалқар Байбеков, семейлік кәсіпкерлер мен агробизнес саласының белсенді өкілдері қатысты.

Ауқымды инвестициялық жобаны алдағы екі жылда «Eurasia Agro Semey» ЖШС жүзеге асырады. Жобаның негізін қалаушылар — Сайлау және Ерлан Мукашевтер. Ағымдағы жылдың сәуір айында кәсіпкерлер жобаны өңір басшысына таныстырып, бүгін құрылыс жұмыстары ресми түрде басталды.

Жобаның жалпы құны шамамен 7,7 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы бір ауысымда 35 тоннаға дейін ет пен ет өнімдерін терең өңдеуге бағытталған. Комбинат жануарлардың барлық бөліктерін, соның ішінде мүйіз бен тұяқты өңдеп, кальцийленген таблеткалар өндіретін австралиялық толық циклді технология негізінде жұмыс істемек.

— Семей өңірінде ірі ет комбинатының салынуы мал шаруашылығының дамуына тың серпін береді. Біз инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Ауылдарда бордақылау алаңдарының саны артып, кәсіпорынды малмен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады. Жобаның халық игілігіне қызмет етіп, өңірдің дамуына серпін беретініне сеніміміз мол, — деді облыс әкімі Берік Уәли.

Кәсіпорын бір ауысымда 200 ірі қара мен 1400 ұсақ малды қабылдап, өңдеуді жоспарлап отыр. Жылына 12 600 тонна дайын өнім өндіру көзделіп, оның едәуір бөлігі экспортқа шығарылмақ.

Комбинат құрылысы 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған. Кәсәпорын іске қосылғаннан кейін шамамен 1000 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/996359?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version