15.05.2025. Қызылорда қаласы, Қ. Жарқымбеков көшесі, 2К мекенжайда, сағат 11-ден 53 минут өткенде “Қытай базары” дүкенінің 460 шаршы метр алаңында шатырдың жануы орын алды.
Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Өртті сөндіруге 3 су оқпаны берілді.
Оқиға орнына ТЖД және «АМО» ММ филиалының жеке құрамының 23 адамы және 6 техника жұмылдырылды.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарының арқасында оттың таралуына жол берілмеді.
Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қызылорда облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/996856?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау