Өрт сөндірушілер арасында жылдам көтерілу бойынша жарыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері арасында газ-түтіннен қорғаушылар арасында 20-қабатқа жылдам көтерілу бойынша жарыс өткізілді.

Жарысқа барлығы 13 команда қатысты.

Жарыс өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігін, физикалық дайындығы мен төтенше жағдайдағы әрекет ету қабілетін анықтауға бағытталған.

Әрбір команда газ-түтіннен қорғау қызметінің буынымен көпқабатты ғимараттың 20-қабатына жауынгерлік киімде көтерілді.

Тыныс алу аппараттары — өрт сөндірушінің «екінші тынысы» болып табылады. Өрт сөндірушілерге қауіпті ортада да кәсіби түрде жұмыс істеуіне көмектеседі. Аппарат орта есеппен 20–60 минутқа дейін үздіксіз демалуға мүмкіндік береді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Бұл сайыс – өңірдегі өрт сөндіру қызметкерлерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлінің маңызды екенін тағы бір дәлелдеді.

 

Маңғыстау облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kps/press/news/details/996972?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version