Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
  1. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қандай көмек көрсетіледі?

Жауабы: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген мамандарға екі түрлі көмек көрсетіледі: бір реттік көтерме жәрдемақы немесе тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит.        

  1. Жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін қандай бағдарламалар қарастырылған?

Жауабы:  Жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін келесі бағдарламалар қарастырылған: 1) «Жастар практикасы» оқуын бітіріп келгендерге уақытша жұмысқа орналастырылып, тұрақты жұмыс табуға көмектеседі; 2) «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 18-35 жас аралығындағыларға өз идеяларын іске асыру үшін қаржылай қолдау; 3) «Жасыл ел» бағдарламасы жаз мезгілінде көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен айналысуға тарту.

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?

Жауабы:  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін келесі құжаттар ұсыну керек: өтініш, өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері некеге тұру бұзу, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері, пәтерде ресми түрде тұрып жатқаныңызды растайтын құжат, тұрғын үй бар-жоғы туралы анықтама, халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжат, жұмыс орнынан анықтама.

  1. Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру үшін субсидияланатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар?

Жауабы:  Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру мақсатында субсидияланатын келесі жұмыс орындары ұйымдастырылады:

Жасы 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жасы 50-ден асқан жұмыссыздарға «Күміс жас» жобасы, жұмыссыз азаматарға «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы.  Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу  үшін мекен-жайы бойынша Мансап орталығына жүгіне алады немесе «Электрондық еңбек биржасы порталына» онлайн түрде өтінім бере алады.    

  1. “Алтын алқа” және “Күміс алқа” мемлекеттік наградаларымен кімдер марапатталады?

Жауабы: «Алтын алқа» алқасымен 7 және одан да көп бала туған, «Күміс алқа» алқасымен 6 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген аналар соңғы баласы 1 жасқа жеткен және балалары тірі болған ретте марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-zhalgyzagash/press/news/details/996649?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version