Бүгін «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалында аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров өзінің кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қабылдау басталмас бұрын партияның аудандық атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров және Нұрлан Қойбағаров сұқбаттасып, бірқатар мәселелерді талқылады.
Сұқбат барысында атқарушы хатшы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдық округтердің жағдайы, шешімін күтіп тұрған мәселелерге тоқталды. Өз кезегінде Нұрлан Хамзаұлы депутаттық корпустың сайлаушылармен өткізген есептік кездесулері жайлы хабарлап, сол кездесулерде көтерілген мәселелердің зерделеніп, жауапты сала басшыларына депутаттық сауалдар жолданғанын және олар бойынша кері байланыс орнатылғанын атап өтті.
Бүгінгі күннің мақсатты басты мәселесі – қоғамдық қабылдауға бірқатар азаматтар келіп, өздерінің күнделікті өмірінде туындап отырған маңызды мәселелерді ортаға салды.
Мәселен, Бірінші Мамыр елді мекенінің тұрғыны Ғабит Нарбаев Наурыз көшесіндегі КТП №767 трансформаторының жиі істен шығып, жарық жиі өшетіні жөнінде және Жайлы мектеп мәселесі жайында айтса, осы елді мекен тұрғыны Елібай Құттыбаев ауыз су тапшылығы мәселесі, Сүгір және Әшірбаев көшелерін жарықтандыру қажеттілігі мен жайылым жерлердің жетіспеушілігі туралы мәселелер көтерді. Сонымен қатар, қабылдауға келген Ленгір қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Светлана Василиади әлеуметтік жәрдемақы ала алмай жүргендігін айтып, көмек сұрады.
Мәслихат төрағасы жеке қабылдауға келген тұрғындардың көтерген мәселелері мен сауалдарын мұқият тыңдап, заң талаптары аясында жауап берді.
Алдағы уақытта түсірілген өтініштер бойынша тиісті сала басшыларына нақты ұсыныстар мен депутаттық сауалдар жолданатын болады.
«AMANAT» партиясы азаматтардың мәселелерін назардан тыс қалдырмай, олардың шешілуіне белсенді ықпал етуді жалғастырады.
©Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/996532?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау