ОТБАСЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15-мамыр – Халықаралық отбасы күні. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – барша халқымыздың табысты болашағының кепілі. Мереке күні аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, Сайқын ауылдық округінің әкімі Шыңғыс Абдуллин Сайқын ауылындағы көпке үлгі боларлық, жұртшылыққа жете таныс Сралиевтер мен Лұқпановтар отбасында болып, хал-жағдайын біліп, айтулы мерекемен құттықтады.

Өз кезегінде әр салада еселі еңбек еткен Тоташ апа мен Гүлсара апа келген меймандарға ризашылығын білдіріп, елдің амандығы мен тыныштығын тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/996908?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version