Полиция қайғылы жағдайдың алдын алды — бұрын құқығынан айырылған екі мас жүргізуші ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 мамыр күні «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтөбе қаласы 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылында патрульдік полиция жол қозғалысы ережесін бұзған Nissan көлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны және мас күйде көлік жүргізіп келе жатқаны анықталды.

Сол күні кешке «Беккүл баба» тұрғын алабында учаскелік полиция инспекторы әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде Volkswagen Passat көлігін тоқтатты. Рульде болған 26 жастағы ер адамның да бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны және мас күйде екені анықталды.

Екі жүргізуші де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК сәйкес мас күйде және жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан көлік құралын басқару деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Енді оларға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Жыл басынан бері облыс жолдарында полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан мас күйде көлік басқарған 30 адамды анықтады. Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке үлкен қатер төндіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/996743?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version