ҚАЙТАЛАНҒАН ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПРОКУРАТУРА МЕН ЖШС АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қайталанған қылмыстардың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында Қосшы қаласының прокуратурасы мен «Sky Elevator KZ» ЖШС, «Avtodorsnab» ЖШС, «Қали Жұлдыз» ЖК арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, Пробация бөлімінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік бейімдеуге, сондай-ақ қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ жан басына шаққандағы жұмысқа орналасуға көмек көрсетіліп, психологиялық қолдау көрсетіледі.

Қол қойылған меморандум қылмыстың қайталануының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы серіктестікті нығайтудың маңызды қадамы болды.

#ЗАҢ_және_ТӘРТІП

 Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/996765?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version