Акцияға өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА Аналар кеңесі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері қатысты.
Отбасы құндылықтарын және отбасының жағымды бейнесін насихаттауға бағытталған іс-шара Қазыбек би атындағы ауданынның Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі аллеялардың бірінде өтті. Акция аясында 100-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды.
Отбасы күніне арналған шара көптеген отбасылық жұптар мен әулеттерді біріктірді. Олардың қатысуы ерекше маңызға ие болды.
Ағаш отырғызу тек туған қаланың экологиясына қосқан үлес қана емес, сонымен қатар отбасы құндылықтарының тұрақтылығы, сабақтастығы мен бірлігінің жарқын көрінісі болды. Отбасы — бұл қоғамның негізі, махаббаттың, қамқорлықтың және жауапкершіліктің бастауы. Бұл қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Осындай акциялар бізге отбасы құндылықтарды сақтау мен нығайтудың маңыздылығын еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-ishki-sayasat/press/news/details/996108?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау