Қарағандыдағы Степной-2/9 тұрғындары үшін балалар алаңы орнатылып қана қоймай, асфальт, жарықтандыру жаңартып, нөсер кәрізі тазартылды. Аулаға құйылған су жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де кедергі келтірген еді. «Халық қатысатын бюджет» мәселені шешуге көмектесті.
Бұл бағдарлама бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді және бүгінде нақты нәтижелер беруде. Барлығы тұрғындардың белсенділігіне байланысты: олар жобаларға бастамашы болады, дауыс беруге қатысады және жұмыс барысын бақылайды.
Қарағандыда биыл 100-ден астам жобаны жүзеге асыру жоспарланған: Қазыбек би ауданында – 60 және Әлихан Бөкейхан ауданында – 40.
Сонымен қатар, 2026 жылы орындалатын және қажетті дауыс санын жинаған 82 жоба іріктеліп алынды.
Ермеков көшесі, 35/2 үй ауласында 93 тұрғын балалар алаңын орнатуға дауыс берген – ол 2023 жылы.
Белсенді тұрғын Юлия Войтюктің айтуынша, балалар алаңынан кейін олар балабақшаның жанындағы тұрақтарды абаттандыруға өтініш берген.
Бағдарламаға аулаларды ғана емес, қоғамдық кеңістіктерді де қосуға болады.
– Егер бірдеңені жақсартуға мүмкіндік болса, мен оны әрдайым қолға аламын, – дейді ол. – Қазір асфальттауға өтініш бердік. Ауламызды одан әрі дамытқымыз келеді.
Ал балалары бар отбасылар көп тұратын Крылов көшесі, 4а үйде балалар аймағын жасына қарай бөлу қарастырылған.
Тұрғындардың өтініші бойынша қосымша футбол алаңы салынды.
Тұрғындардың бірі жұмыс басталар алдында оларға ұсыныстар енгізген схеманы көрсеткенін еске алады. Алаң жазда салынды.
Жобалар қала тұрғындарының қатысуымен жүзеге асырылуда. Қаланың ткғы бір белсенді тұрғыны Игорь Литвинов барлық тараптардың өзара іс-қимылы абаттандыруды кідіріссіз аяқтауға мүмкіндік бергенін айтады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін тұрғындар өз күштерімен көгалдандыруды жалғастыруда.
Қатысуға өтінімді аудандық әкімдіктердің сайттары арқылы «Халық қатысаиын бюджет» бөлімінде беруге болады. Жобалар балалар алаңдарын ғана қамтымайды, бұл жарықтандыру, көгалдандыру, спорт нысандары, тұрақ және шағын сәулет нысандары болуы мүмкін.
Сапаға қойылатын талаптар да өзгерді. Ойын элементтері енді ағаш пен металдан жасалады, жасанды шөптің орнына тартан жабыны пайдаланылады.
– Қазір жұмыстар бірнеше учаскеде жүріп жатыр. Қазірдің өзінде Аманжолов көшесі, 21 көшесіндегі гүлзарды аяқтадық, тағы да бес мекен-жай бойынша жалғастырудамыз. 20-дан астам аулада бетон негізін құю, қоршауларды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Шағын архитектуралық формалар мен тренажерлар жеткізіледі деп күтілуде, – деді Қазыбек би атындағы ауданды абаттандыру бөлімінің басшысы Нариман Иткарин.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/997006?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау