Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Жетісу облысының дін істері басқармасы » ММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ағымдағы жылдың 13- 14 мамыры күні бекітілген кестеге сәйкес РАТТ мүшесі маман-теолог Булекбаев Ерік Амангелдіұлы мен аудандық АТТ мүшесі “Жастар таңдауы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Рақметқазынов Нұржан Нұрланұлы ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары аясында «Қазақстан Республикасында тиым салынған діни ұйымдар», «Ата заң – зайырлылық ұстанымының негізі», «Экстремизімнің бастауы – діни сауатсыздық», «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы», «Жат ағымдардан сақтанайық», «Дін- тәрбиенің рухани тірегі», «Адамгершілік – имандылық айнасы» тағы басқа тақырыпта әдістемелік түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақпапараттық түсіндіру жұмыстарына 12 мақсатты топ қатысты. Іс-шараға қатысушылардың саны-950
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-tastobe/press/news/details/997003?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау