Қостанайлық спортшы Динара Куджулова пара дзюдодан әлем чемпионатында 5-орын иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Қостанайлық спортшы Динара Куджулова пара дзюдодан әлем чемпионатында 5-орын иеленді

         2025 жылдың 13–15 мамыр аралығында пара дзюдодан өткен әлем чемпионатында Қостанай облысының спортшысы Динара Куджулова Қазақстан намысын қорғады.

         J1 санатындағы 70 келі салмақ дәрежесінде күрескен Динара ширек финалда өзбекстандық Хосиатхон Позилжоновамен белдесіп, оны иппон әдісімен жеңіп шықты. Алайда 3-орын үшін болған кездесуде моңғолиялық Туруна Лхайжавқа есе жіберіп, әлем чемпионатын 5-орынмен аяқтады.

         Бұл нәтиже — жоғары деңгейдегі бәсекеде көрсетілген лайықты көрсеткіш. Динараға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/995846?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version