Сіздерді шын жүректен Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймыз!
Жеңіс күні – халықтың қаһармандығының, ерлігі мен төзімділігінің символы, бұл әрбір отбасының жадында мұқият сақталатын естелік.
Барша ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне бүгінгі бейбіт күн үшін, өшпес ұлы ерліктері мен қайсарлықтары үшін тағзым етеміз!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт пен амандық тілейміз! Туыстарыңыз бен жақындарыңыз әрқашан қастарыңызда болып, әрбір жаңа күн тек қуаныш пен жан тыныштығын әкелсін.
Жеңіс жолында құрбан болған ерлердің жарқын бейнесі мәңгі есте қалады!
Үлкен Нарын ауданы мәслихаты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/995797?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау