2025 жылғы 15 мамыр күні қалалық мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес төрағасы, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағына барып, мекеменің материалдық-техникалық базасымен және шомылу маусымына дайындық жағдайларымен танысты. Құтқару станциясының басшысы Б. Ахметов шомылу маусымында орын алуы мүмкін қауіптер мен оларды болдырмау жолдары туралы ақпарат берді. Бүгінгі күнде штатта 14 құтқарушы толық жұмыс істейді және штаттағы медбике барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген және құтқару жұмыстарында медициналық көмек көрсетуге дайын. Водолаздарды оқыту жұмыстары үнемі жүргізілуде. Сонымен қоса эхолот аппараты және жаңа тұрғыда жабдықталған гидрокостюмдер, қуаты 115 ат күшіне дейін жететін жаңа қозғалтқыш алынды. Бұл құралдар құтқару жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Күнделікті рейд жұмыстарыда жүргізіліп жатыр. Жағалаудағы қауіпсіздік шараларын насихаттау үшін жарнама стендтеріне жарнама ілу жұмыстары жүргізіледі. Бұл шараларға “Жұмыспен қамту орталығы”-нан волонтерлар шақыру жоспарланған. Сонымен қоса материалдық көмек және қаржыландыру мәселесін көтерді. №1 жағалауға қосымша техникалық жабдықтар мен құрылғылар қажеттілігі атап өтілді және толықтай қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінуі талқыланды. Мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар осы мәселелерді қарастыратын болады. Бұл кездесу шомылу маусымы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдардың бірі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/996131?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау