Сәтбаев қаласының білім бөлімінің Әдістемелік кабинеті жанынан құрылған мобильді топ жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды қолдау, әдістемелік көмек көрсету мақсатында №5 жалпы білім беретін мектебінде болып, толық күндік шағын орталық пен мектепалды сыныптары тәрбиешілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ бөлімінде 2024-2025 оқу жылында 1 педагог қызмет атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 5 жас аралығындағы 13 бүлдіршін қамтылған. Топ мүшелерімен мектепалды сыныбы педагогымен құжаттарды жүргізу барысы қаралып, перспективалық жоспар, циклограммалар мазмұндары бойынша әдістемелік көмектер, ұсынымдар берілді. ҰІӘ барысында немесе күнделікті жұмыс барысында қандайда бір қажеттілік туындаса, мобильді топ мүшелері әдістемелік көмек көрсететінін мектеп басшысына жеткізді. Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне қолдау көрсету жұмыстары 2025 жылдың ІІ тоқсанында да жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/995698?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау