17 мамыр күні Шалқар көлінің жағажайында жазғы туристік маусым ашылады.
Бағдарламада: көңілді концерт; спорттық ойындар мен садақтан оқ ату; атпен, түйемен және баггимен серуен; 4-көлге жаяу жорық, «TOR ALTAI» демалыс орнына экскурсия және «Өмір соқпағы» арқылы қызықты өрлеу.
Одан өзге, «Аблайкит» археологиялық кешеніне джип-тур және зерттеуші Б.В. Щербаковтың ерекше таныстырылымы болады. Қазақтың бай мәдениетін, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарын тамашалайтын этноауыл бой көтеріп, қолөнершілердің туындылары, ұлттық әшекейлер мен кәдесыйлардан шеберлер жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.
Ал кештің шарықтау шегі – жұлдызды аспан астындағы би кеші.
Басталуы: сағат 10.00-де.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/996458?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау