Ел Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың сәуір айының басында іске қосылған «Таза Қазақстан» бағдарламасын қостанайлықтар ауқымды түрде қолдауды жалғастыруда. Бұл бастаманың мақсаты – халықтың экологиялық хабардарлығын арттыру және облыстың әртүрлі аймақтарындағы қоршаған ортаны жақсарту.
Бағдарлама аясында өңірде қазірдің өзінде аумақтарды тазарту және абаттандыру, қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бойынша ауқымды іс-шаралар, сондай-ақ азаматтардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған ағарту жұмыстары – акция, дөңгелек үстел, семинарлар ұйымдастырылып жатыр.
Бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Іс-шараларға бизнес-қауымдастық, жастар, спортшылар мен этномәдени бірлестік өкілдері белсенді қатысуда.
2025 жылғы 15 мамыр күні «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бастамасымен Рудный қаласы Тобыл өзенінің бойында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жүгіруден экологиялық жарыс өтті. Жағалауды тазарту шарасына жаттықтырушылар, нұсқаушылар, спортшылар және қала спортының ардагерлерінен 50-ге жуық адам қатысты.
Жүгіру жай ғана спорттық шара емес, салауатты өмір салты мен экологиялық сана идеяларын біріктіретін табиғатқа жауапкершілікпен қараудың символына айналды.
– Рудныйда өскелең ұрпақтың табиғатты сүюге, еңбекті құрметтеуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге септігін тигізетін сенбілік пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Спортшылар ретінде біз таза орта денсаулық пен жоғары физикалық белсенділіктің кепілі екенін білеміз. Сондықтан біз табиғатты аялаудың үлгісін көрсетуіміз керек, — деп атап өтті спорт ардагері, экологиялық жарысқа қатысушы С.Н. Парисеева.
Экологиялық жарыс – спорт пен экологияның бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар екендігінің айқын дәлелі. Адам денсаулығына деген қамқорлық қоршаған дүниенің тазалығына қамқорлық жасаудан басталады, мұндай шараларға қатысу – белсенді азаматтық ұстанымның көрінісі.
Спортшылар Рудный қаласы мен Қазақстанның барша тұрғындарын экологиялық бастамаларға, сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстарына белсене қатысуға шақырды, өйткені «Таза Қазақстан» – нағыз патриотизмнің көрінісі.
Жангелді ауданындағы Тоғай өзенінің жағасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында плоггинг марафоны өтті. Шараны жергілікті атқарушы органдар волонтерлік ұйымдар және қоғамдық бірлестіктермен бірге ұйымдастырды.
Плоггинг – жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін экологиялық іс-шараның заманауи форматы. Марафонға қатысушылар қолғап және сөмкелермен қаруланып, жағалау бойымен алдын ала дайындалған маршрут бойынша тұрмыстық қалдықтар мен табиғатта жиналған басқа қоқыстарды жинады.
Шараға жастар ұйым өкілдері, белсенділер, оқушылар, студенттер, әкімдік қызметкерлері және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарынен 100-ге жуық адам қатысты. Осы ретте, қатысушыларға қоршаған ортаның ластануының зияны, қалдықтарды сұрыптау қажеттігі, табиғатты сақтауға әрбір адамның жеке үлесінің маңыздылығы туралы айтылып, экологиялық білімге ерекше назар аударылды.
Плоггинг марафоны соңында 50-ден астам қап қоқыс жиналды. Барлық қалдықтар мамандандырылған қызметтерге одан әрі сұрыптау және шығару үшін жіберілді.
«Бұл жай жарыс емес. Қоқысты өз қолыңызбен тазалаған кезде табиғатқа басқаша қарай бастайсыз. Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде болғанын қалаймын, бұл денсаулық пен экологияға пайдалы», – деп бөлісті қатысушылардың бірі, Торғай ауылының колледж студенті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/996113?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау