Түпқараған ауданының коммуналдық қызметі жаңа техникамен толықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түпқараған аудандық су жүйесі мекемесіне көлемі 20 тонна болатын екі жаңа ассенизатор көлігі табысталды. Арнайы техникалар Баутино, Аташ және Форт-Шевченко елді мекендерінің тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Дидарбек Жантуаров сөз сөйлеп, коммуналдық қызметті жақсарту жұмыстарының кезең-кезеңімен жалғасатынын атап өтті.

– Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың сұранысын ескеріп, күнделікті тұрмысын жеңілдетуге жағдай жасау. Бүгін пайдалануға берілген арнайы техника – халық үшін маңызды көмек құралы. Бұл — бастаманың басы ғана. Алдағы уақытта да қажетті техникалармен қамту жалғасын табады, – деді Дидарбек Жантуаров.

Айта кету керек, бұған дейін аталмыш мекемеге 5 жаңа су тасымалдайтын көлік берілген болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/996155?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version