ТҮРКИЯНЫҢ ТУРИСТІК КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
✔️Түркістан облысына Түркияның туризм саласындағы жетекші өкілдері арнайы сапармен келді. Атап айтқанда, 18 ірі туркомпания басшылары, TURSAB ұйымының 3 өкілі және Turkish Airlines әуе компаниясының 2 өкілі Түркістанның туристік әлеуетімен танысты. Қонақтарды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қарсы алып, киелі өңірдің тарихи-мәдени мұрасы, инфрақұрылымдық мүмкіндіктері мен туризм саласындағы жаңа жобалар туралы жан-жақты ақпарат берді.
✔️Қонақтарға облысымыздың туристік бағыттары таныстырылып, тарихи және киелі нысандар көрсетілді. Сонымен қатар, инвестициялық мүмкіндіктер мен сервистік қызмет сапасын арттыру бағытында пікір алмасу өтті. Ақпараттық тур аясында меймандар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, тарихи орындар мен жаңадан бой көтерген туристік нысандарды аралады.
📌– Бұл сапар – екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, шетелдік туристер легін арттыруға және Түркістанды халықаралық деңгейде кеңінен танытуға бағытталған маңызды қадам. Біз үшін Түркістан – тек тарих емес, болашақтың жарқын бренді. Осы бағытта жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады, – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.
✔️Мұндай сапарлар Қазақстан мен Түркия арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, Түркістанды халықаралық деңгейде танымал етуге зор ықпал етеді.
✔️Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Түркістандық делегация өкілдері Түркияның Ыстанбұл қаласына барып, TURSAB туристік ұйымына мүше компаниялармен кездескен болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————
ПРЕДСТАВИТЕЛИ ТУРЕЦКОЙ ТУРИСТИЧЕСКОЙ КОМПАНИИ ОЗНАКОМИЛИСЬ С ТУРИСТСКИМ ПОТЕНЦИАЛОМ ТУРКЕСТАНА
✔️Туркестанскую область посетили ведущие представители Турции в сфере туризма. С туристическим потенциалом Туркестана ознакомились руководители 18 крупных туркомпаний, трое представителей организации TURSAB и двое представителей авиакомпании Turkish Airlines. Гостей встретил первый заместитель акима Туркестанской области Зулфухар Жолдасов, который подробно рассказал об историко-культурном наследии, инфраструктурных возможностях и новых проектах в сфере туризма.
✔️Гостям были презентованы туристические направления нашей области, показаны исторические и сакральные объекты. Также состоялся обмен мнениями по инвестиционным возможностям и повышению качества сервисных услуг. В рамках информационного тура гости посетили мавзолей Ходжи Ахмеда Ясави, исторические места и недавно построенные туристические объекты.
📌 “Этот визит – важный шаг, направленный на укрепление сотрудничества между двумя странами в сфере туризма, увеличение потока иностранных туристов и популяризацию Туркестана на международном уровне. Для нас Туркестан – это не просто история, а яркий бренд будущего. Работа в этом направлении будет продолжена системно”, – сказал Зулфухар Сансызбаевич.
✔️Такие поездки будут способствовать укреплению сотрудничества Казахстана и Турции в сфере туризма и популяризации Туркестана на международном уровне.
✔️Напомним, в декабре прошлого года представители Туркестанской делегации посетили Стамбул, где встретились с компаниями-членами туристической организации TURSAB.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/996431?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау