Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева жүргізді. Аталмыш жиынға аудан әкімі Н.Даумов, Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.Хамидуллин, аудандық мәслихат депутаттары мен ауылдық округтер әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты. Күн тәртібінде Бөкей ордасы ауданы әкімінің және барлық ауылдық округтер әкімдерінің 2024 жылғы аудан, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамалары тыңдалды.
Қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді. Күн тәртібіндегі мәселелерді бекітіп, шешім қабылдау үшін аудандық мәслихаттың сессиясына қарауға жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/996911?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау