ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ 15-МАМЫР КҮНІ ХАН ОРДАСЫ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың                3 наурызындағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сай, бекітілген кесте бойынша жергілікті әкімдердің ауыл тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Хан Ордасы ауылында өткен кездесуге аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов, жауапты мекеме басшылары, мәслихат депутаттары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Кездесулерде аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдері 2025 жылдың есепті кезеңінде өздеріне тиесілі әкімшілік-аумақтық бөліністің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, алда тұрған мақсат-міндеттері жөнінде тұрғындарды құлағдар етіп, кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Көтерілген сұрақтардың басым бөлігі туризмді дамыту, жер қатынастары, жол мәселелері жайында болды. Кездесу соңында жеке мәселелер бойынша қабылдау өтті.

Есептік кездесу 19 мамыр күні аудан орталығы Сайқын ауылында жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/996916?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version