Ноғайты ауылындағы ескерткіштің ашылу салтанатынан кейінгі шара мәдениет үйінде жалғасты. Жиын «Ақтөбе: 100 жыл жылнамасы» атты фильмімен ашылды. Жиын барысында Ноғайты ауылының тарихы баяндалып, туған жердің, ауылдың өсіп өркендеуіне қосқан үлестері үшін ауылшаруашылығы, білім, мемлекеттік қызмет, денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік, темір жол саласының майталман мамандарына сый құрмет көрсетіліп, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар және Ноғайты ауылының мәдениет үйіне музыкалық аппаратура табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/996382?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау