ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖЕРДЕ ШОМЫЛСАҢЫЗ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙСЫЗ❗️

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің басты міндеті.
Темірлан ауылының екі тұрғыны суға түсіп салқындаймын деп айыппұл арқалады. Арыс өзеніне шомылып жүрген жігіттер белгіленбеген орынды таңдаған. Ордабасы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары оларға шомылу маусымындағы қауіпсіздік жайын түсіндіріп, тыйым салынған жерде суға түскені үшін айыппұл қарастырылғанын айтты.
Ауданның климаттық жағдайына байланысты судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды жүргізіліп келеді. Түсіндірмелік жұмысына аудан әкімдігінің өкілдері де ат салысып жүр.
Бүгігні таңда ТЖ қызметкерлерімен бірлесе халық көп жиналған орындарда, мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Су айдындарында қауіпсздік сақтамау қағидаларын бұзу бойынша ӘҚбК 412 бабына сәйкес штраф салынды. Кеше 3 айыппұл салынды. Жеке тұлғаларға 7 АЕК. Ол 21150 тг. Заңды тұлғаларға 10 АЕК 34500 тг.
Апат айтып келмейтінін ескерсек, жыл басынан Ордабасы ауданында 6 адам түрлі жағдайда мерт болған. Оның үшеуі кәмелет жасына толмаған балалар. Бірі каналға көлігімен түсіп кетсе, енді бірі балық аулаймын деп суға кеткен.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жомарт Қоспановтың айтуынша бүгінгі таңға дейін шомылу маусымы басталмай жатып ауданда 6 қайғылы жағдай тіркелді. Соның негізінен бақылайсыз қалған жас балдардың септикке құлап кетуі, есік алдынан өтетін каналдар бар, арнайы арықтарға сондай жерге бақылаусыз балалар түсіп кетіп қайғылы жағдай орын алуда. Және де мынау каналдардың үстінен өткен көліктер жол көлік оқиғасы болып суға түсіп кеткен жағдайлар болып тіркеліп жатыр. Алайда нақты шомылу кезінде ондай қайғылы жағдай тіркелген жоқ.
Ордабасы ауданында Арыс өзеніне, Арыс-Түркістан мен Арыс магистрал каналына, Бөген, Теспе және Бөржар су қоймасына шомылуға тыйым салынған. Айта кетсек, ауданда 14 орында ғана шомылып демалуға болады. Онда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/995985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version