Заң мен тәртіпті нығайтуды көздеген Облыстық Қоғамдық кеңестің отырысында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген ұзаққа созылған құрылыс нысандарына жүргізілген мониторинг нәтижесі талқыланды.
Талқылау тақырыбы құрылыс саласында проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау жөніндегі іс-шаралар жоспары, аясында жүргізілген жұмыстар туралы болды.
Зерделеу нәтижесімен тапсырыс беруші құрылыс басқармасы болып табылатын құрылысы ұзаққа созылған 3 нысан анықталғаны туралы Департаменттің Превенция басқармасының аға офицері Н.Нұрбеков баяндама жасады.
Бұл нысандар Мақтаарал және Ордабасы аудандарында салынуда. Объектілерге Департамент тарапынан қашықтықтан бейне-бақылау камерасымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің қатысуымен тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.
Талқылау барысында Кеңес мүшелері құрылыс саласындағы бірқатар жемқорлық тәуекелдерін атап өтіп, оларды жою бойынша ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-turkestan/press/news/details/995687?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау