Заң сахнада: Астана оқушылары құқық пен жауапкершілік туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында өңір прокурорлары іс-шаралар өтізуде.

   Осылайша, елорда прокуратурасы әкімдікпен бірлесіп, мектептер арасында театрландырылған қойылымдар байқауын ұйымдастырды.

   Байқаудың финалы Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасында жалпы саны 1000-нан астам балалардың қатысуымен өтті.

   Қаланың барлық аудандарынан келген командалар қорлау, есірткіні қолдану және тарату, бұзақылық, сыбайлас жемқорлық, ұрпақтар қақтығысы және ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсіністіктің маңыздылығы және т.б. тақырыптарға қойылымдар жасады.

   Қойылымдарды әділқазылар алқасы бағалады. Оның құрамында Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева, Бас прокуратура, Оқу-ағарту министрлігі, Әйелдер істері жөніндегі комиссия өкілдері, танымал театр қайраткерлері мен белгілі қазақстандық журналист Айгүл Мүкей болды.

   Байқаудың жеңімпазы болып №17 мектептің командасы танылды. Олардың қойылымы мазмұны, режиссурасы және актерлік шеберлігі жағынан жоғары бағаланды.

   2 орынды №108 мектеп, №87 мектеп-гимназиясы 3 орынды, 4 орынды №58 мектеп-гимназиясы, 5 орынды №93 мектеп-лицейі және № 28 мектеп-лицейі 6 орынды иеленді.

    Үздік актер деп Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Рахматуллаһ Жанатхан, № 108 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Мейірім Сүлеймен – үздік актриса деп танылды.

   «Тақырыпқа бірегей көзқарас» №28 мектеп-лицейі, Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясы «Үздік сценарий», А.Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы «Үздік бейне» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды. 

  «Екінші жоспардағы үздік рөл» номинациясы бойынша №93 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Бек Самарқан жеңімпаз деп танылды.

   «Заң және тәртіп» қағидаты аясында әлеуметтік бейнероликтерді шығаруға белсенді қатысқаны үшін №97 және №75 мектептері марапатталды.

   Қалған қатысушыларға да сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

   Жоба тек жарқын мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді құралына айналып, мемлекет, қоғам және мектептің жас ұрпаққа құқықтық жауапкершілікті тәрбиелеу жолындағы күшін біріктірді.

#Заң_мен_Тәртіп

 Астана  қаласының прокуратурасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/995827?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version