Заңдылық пен тәртіп, адалдық және белсенді азаматтық ұстаным қағидаттарын ілгерілету шеңберінде 2025 жылдың 17 мамырында Қонаев қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Адал азамат – адал жеңіс» республикалық марафоны өтеді.
Қатысушыларды тіркеу марафон басталатын жерде – Қонаев қаласының орталық алаңында таңғы сағат 08:00-де басталады.
Қатысушылар Қонаев қаласының көрікті көшелерімен 5,5 шақырым қашықтықты бағындырады. Физикалық даярлық деңгейіне қарамастан 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Марафонға қатысу тегін.
Барлық ниет білдірушілерді марафонға қатысуға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-talgar/press/news/details/997011?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау