Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҮРКІСТАН: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ ЕЛДЕРДІҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ӨЗАРА ЫНТАМАҚТАСТЫҚ БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы (ОСО КП) туралы Ережеге қол қойылды. Сондай-ақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясы және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Түркі әлемі: Сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Іс-шараға ТМҰ мүше мемлекеттер – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және ТМҰ бақылаушы мемлекет – Мажарстанның орталық сайлау органдарының, сондай-ақ 4 беделді халықаралық ұйым – ТМҰ, Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығы (A-WEB), Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА), Түркі академиясының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ТМҰ елдерінің ғалымдары, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшелері, облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.

«Түркі әлемі: Сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысының барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық электоралды ынтымақтастықты нығайту және түркі әлемі бірлігінің символы ретінде Түркістан қаласының тарихи-рухани маңыздылығын атап өтіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен конституциялық реформа контекстінде Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы туралы баяндама жасады. Конференцияда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев, сондай-ақ Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның орталық сайлау органдарының басшылары құттықтау сөз сөйледі. Спикерлер тәжірибе алмасудың және сайлау жүйелерінің дәстүрлі негіздерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/996777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version