Жаңатілекке іс-сапар барысынан…

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биылғы жылы Жаңатілек ауылында жоспарланған “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Аудан әкімі жұмыс барысын қадағалады. Жоспарға сәйкес 4,7 шақырым ауылішілік жол жөнделу керек болса, астыңғы қабаты толығымен жасалды. Бүгінгі күні 500 метрден астам асфальт төселіп, жиегін нығайту жұмыстары қатар атқарылуда.

Мердігер – “ЭКИБАСТУЗТЕПЛОЭНЕРГОМОНТАЖ” ЖШС жұмысты сапалы атқаруға міндеттелді.

Ауылды көркейтуге арналған бағдарлама аясында қолға алынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде фундаменттік жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауылішілік көше жарығы 7,8 шақырымға жоспарланған. Қазіргі таңда 128 баған орнатылды. Әрі қарайғы жұмыстар кестеге сәйкес атқарылуда

Ірі жобалар қолға алынған ауылдағы шағын футбол алаңына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінді.

Бүгінгі күні қоршауы толығымен нығайтылып, бояу жұмыстары жүргізілуде. Алаңға қажетті жасанды газон және басқа да құрылыс материалдары жеткізілген.

Жұмыс барысы толығымен бақылауда.

“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасының келісімшартына сәйкес, құрылыс, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ауыл тұрғындары жұмысқа тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/996139?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version