ЖИТС орталығында ашық есік күні: ақпараттылық пен денсаулыққа маңызды қадам

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында өткен Ашық есік күні тек іс-шара ғана емес, медицина қызметкерлері мен халық арасындағы ашық диалогтың маңызды бөлігіне айналды.

Іс-шара Репродуктивті денсаулық апталығы аясында ұйымдастырылды. Бұл күні Орталық өз есігін студенттерден бастап, бизнес құрылымдарының өкілдері мен бейжай қарамайтын азаматтарға дейін барлық ниет білдірушілерге ашты. Алматылықтар мекеменің жұмысы, АИТВ диагностикалау, емдеу және алдын алудың заманауи әдістері туралы көбірек біле алды.
Қонақтарға АИТВ-ға тегін, құпия және қажет болған жағдайда анонимді тестілеу, экспресс-тестілеу, сондай-ақ мамандардың кеңестері мен шағын тренингтер ұсынылды.
– Мен өмірімде алғаш рет АИТВ-ға тест тапсырдым. Бұл қауіпсіз процедура. Тесті саналы түрде жасадым, өйткені өз денсаулығымыз үшін өзіміз жауаптымыз, – деп бөлісті колледж студенті Жомарт.
Дәрігер А. Туржанова келушілерге АИТВ-ға қатысты мифтер, жұқтырудан қалай сақтану және өз мәртебеңді білудің маңыздылығы туралы айтып берді.
160-тан астам алматылық АИТВ-дан тестілеуден өтті. Барлық ниет білдірушілерге ақпараттық буклеттер таратылды.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін дерматолог, гепатолог және фтизиатр дәрігерлердің қабылдауы ұйымдастырылды.

– ЖИТС орталығындағы Ашық есік күні халықты өзекті тақырып бойынша ақпараттандыру мен ашықтықтың үлгісі болды, – деп атап өтті ЖИТС орталығы директорының орынбасары А. Нұркерімова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/996242?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version