15 мамыр-Халықаралық отбасы күні құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті жерлестер!
Қадірменді аудан тұрғындары!

Баршаңызды бүгінгі отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – өскелең ұрпақтың бойына тәлім – тәрбиені тереңірек сіңіріп, ерлі-зайыптылардың жауапкершілігін арттыруды көздейтін маңызды мереке.
Дана халқымыздың «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидаты қай дәуірде болсын салмағын жоғалтқан емес. Отбасы – қоғамның діңгегі, мемлекеттің экономикалық дамып, мәдени өркендеуінің негізі болып қала бермек.
Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін қастерлі құндылықтарды ең алдымен отбасынан алатыны белгілі.
Олай болса, Сіздердң мерейлі мерекемен тағы бір мәрте құттықтай отыра, дендеріңізге саулық, әр жанұяға амандық пен баянды бақ – береке тілеймін. Ұл-қыздарыңыз ақ үміттеріңізді ақтап, егемен еліміздің өркендеуіне адал қызмет атқара берсін!
Құрметпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/997177?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version