19–27 мамыр – Нысана көздеу және стенд атудан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі
Жарысқа ел құрамасынан 19 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Зуль қаласы, Германия.
21–22 мамыр – Жүзуден Mare Nostrum халықаралық турнирі (2-кезең)
Бұл кезеңде еліміздің 8 спортшысы бақ сынайды.
Өтетін орны: Барселона қаласы, Испания.
22–25 мамыр – WKF каратэден ересектер арасындағы Азия чемпионаты
Қазақстан намысын 16 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.
22–27 мамыр – Дзюдодан юниорлар арасындағы халықаралық турнир
Аталған турнирде еліміздің 7 палуаны белдеседі.
Өтетін орны: Каунас қаласы, Литва.
23–25 мамыр – Семсерлесуден Әлем кубогі
Турнирде 9 спортшымыз сынға түседі.
Өтетін орны: Сен-Мор қаласы, Франция.
24 мамыр – Триатлоннан Әлем кубогы
Жарыс жолына еліміздің 5 спортшысы шығады.
Өтетін орны: Самарқанд қаласы, Өзбекстан.
25–29 мамыр – Дәстүрлі садақ атудан халықаралық Fetih Kupası турнирі
Сайысқа 15 елден 200-ден астам спортшы, соның ішінде отандық мергендер де қатысады.
Өтетін орны: Ыстанбұл қаласы, Түркия.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/998092?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау