2025 жылғы 14–16 мамыр аралығында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Лексика-грамматикалық минимумды қолдану жолдары» атты республикалық онлайн-семинар өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семинардың мақсаты – қазақ тілін оқытуда лексика-грамматикалық минимумды қолдану ерекшеліктерін талдау, оны деңгейлеп оқыту әдістемесі аясында тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыру, сондай-ақ заманауи технологиялар арқылы әдістемелік қолдауды кеңейту болды.

​​Лексика-грамматикалық минимумдар (ЛГМ) – отандық тәжірибеде алғаш рет дайындалып, халықаралық CEFR стандарттарына (Common European Framework of Reference – шет тілдерін меңгеру бойынша жалпы еуропалық стандарттар) толық сәйкес келетін әдістемелік өнім. ЛГМ тіл үйренушілерге қазақ тілін жүйелі, ғылыми негізделген және тиімді тәсілдермен меңгеруге мүмкіндік береді.

Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен тіл мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер мен тәжірибелі полиглоттар қатысты. Семинар аясында келесі тақырыптарда баяндамалар мен практикалық сабақтар ұсынылды: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Шынар Қапантайқызы лексика-грамматикалық минимум мен деңгейлеп оқыту әдістемесі жөнінде баяндама жасады. Jetil.kz тіл мектебінің негізін қалаушы, полиглот Мәди Нұрланұлы қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту құралдары мен технологиялары бойынша баяндама жасады. Sovietback.school блог платформасының авторы, тіл маманы Мағжан Нұрбақытұлы тілді әлеуметтік желілер арқылы насихаттаудың тиімді әдістері туралы баяндама жасады. «Тіл-Қазына» орталығының ғылыми қызметкерлері Жұлдызай Қабділмәжитқызы, Айерке Сағынғалиқызы, Дана Жаңабекқызы әдістемелік сабақтар мен интерактивті тапсырмалар негізінде практикалық жұмыстар жүргізді.

Қатысушылар онлайн форматта белсенділік танытып, тәжірибе алмасу алаңына айналған бұл семинардан өз кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/997857?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version