Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың физикалық денсаулығының, физикалық және функционалдық дайындығының деңгейін анықтау.
Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 5-6, 7-8 сынып оқушылары – аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Олимпиада екі кезеңде өткізілді:
1 кезең – теориялық бөлім;
2 кезең – практикалық бөлім.
Олимпиада қорытындысы бойынша орындар келесідегідей бөлінді:
5-6 сынып:
І орын – Өскемен қаласының командасы;
ІІ орын – Тарбағатай ауданының командасы;
ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.
7-8 сынып:
І орын – Өскемен қаласының командасы;
ІІ орын – Тарбағатай ауданының командасы;
ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/997563?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау