Абай облысының білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 29 – 30 сәуірінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі «Экономикалық лицей» КММ базасында өтті. Олимпиадаға Абай облысынан жалпы 7-8 сыныптан 315 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Аягөз ауданынан қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 7-сынып оқушысы Серікқан Ақмоншақ І орын. «Қалалық қазақ мектеп – лицейі» КММ. Жетекшісі: А.М.Нуркамбаева. 7-сынып оқушысы Мұратова Парасат ІІІ орын. «Тарбағатай ЖОББМ» КММ. Жетекшісі: М.Е.Амирханова.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 7-сынып оқушысы Толеубекова Жанел ІІ орын. «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп – гимназиясы» КММ. Жетекшісі: А.А.Аялбаева.
Қазақстан тарихы пәні 7-сынып оқушысы Кәкен Айерке ІІІ орын. «Қалалық қазақ мектеп – лицейі» КММ. Жетекшісі: Ұ.Р.Рашитова. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
1-орын иеленген “Қалалық қазақ мектеп-лмцейі”КММ 7-сынып оқушысы Серікқан Ақмоншақ республикаға жолдама алды. Сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/998100?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау